Credit Finance

FINANCE-MEDIA

Шымкенттік дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған әжейді тірілтіп алды


ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған әжейді ажалдан арашалап қалды. Инфаркт алған 90 жастағы кейуана қалалық кардиологиялық орталыққа жеткізіліп, ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем қызметіне шақырту таңғы таңғы сағат 05.30-дар шамасында түскен.

«4 қаңтар күні қаладағы жедел жәрдем стансасына 90 жастағы әжейдің денсаулығы нашарлап, ес-түссіз жатқандығы туралы хабар түскен. Шақыртуға барған мамандар зейнеткердің инфаркт алғандығын анықтап, шұғыл түрде реанимациялық көмек көрсеткен. Жедел көрсетілген реанимациялық көмектің нәтижесінде азаматшаның жүрек қағысы қайта қалпына келіп, қалыпты жағдайға түсті», делінген хабарламада.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/shymkenttik-darigerler-zhuregi-toktap-kalgan-azheydi-tiriltip-aldy_a3484765”